«Таза Қазақстан – ұлт денсаулығының кепілі»

Табиғаттың тазалығы – адамның денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. «Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, әр азаматтың өміріне қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған игі іс.

Күз айларында бастаманың басты бағыты – елді мекендерді тұрмыстық қалдықтан арылтып, аумақтардың тазалығын сақтау. Бұл шаралар қоғамның экологиялық мәдениетін арттырып, халықты туған жеріне жанашырлықпен қарауға үйретеді.

Тазалық сақталған ортада адамдардың тұрмысы жеңілдеп, денсаулығы жақсарады. Сондықтан «Таза Қазақстан» – тек экологиялық жоба ғана емес, ол ұлттың болашағына жасалған қамқорлық.

Әрбір азаматтың қарапайым үлесі – көшені таза ұстау, қоқыс тастамау, айналаны күтіп-баптау – барша қоғам үшін үлкен жетістікке айналады.

Таза табиғат пен таза орта – дені сау ұрпақтың кепілі.

 

Тажитова Алтын Зарубаевна

Қаражал қаласының білім бөлімінің әдіскері