Қазақстанның өркендеуінде жұмысшы мамандықтарының орны бөлек. Өндірістің үздіксіз жүруі де, инфрақұрылымның дамуы да, халықтың күнделікті тұрмысы да осы еңбектің арқасында қамтамасыз етіледі.
2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп аталуы – ел экономикасында және қоғам өмірінде еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл – кәсібін адал атқарып жүрген жұмысшының ел алдындағы рөлін мойындау.
Қазіргі заманда кәсіби шеберлік тек тәжірибемен емес, біліммен де ұштасуы тиіс. Сондықтан биылғы жыл жас буынға техникалық білім беруді жетілдіруге, өндіріс саласына заманауи мамандарды даярлауға жаңа серпін береді.
Қарапайым еңбекті қадірлеу – ұлт мәдениетінің көрсеткіші. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – осы құндылықты жаңғыртып, еңбек адамына лайықты құрмет көрсету кезеңі. Сатанов Жанат Рахымжанович
Қаражал қаласы Мәслихаты аппаратының басшысы
