Тазалық – адам мәдениетінің, қоғам өркениетінің ең басты өлшемдерінің бірі. Қоршаған ортаның жай-күйі тікелей халықтың өмір сапасына әсер етеді. Сондықтан табиғатты қорғау мен оны таза ұстау – кез келген елдің стратегиялық басымдығының бірі болып саналады.
«Таза Қазақстан» акциясы осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі ретінде халықты бір мақсатқа – туған жердің табиғатын аялауға жұмылдырады. Бұл тек қоқыс жинау немесе тазалық орнату шарасы ғана емес, ол – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды қозғалыс. Әрбір азаматтың қатысуы – ел болашағына қосылған нақты үлес.
Бұл бастаманың тағы бір маңызды қыры – жастарға экологиялық тәрбие беру. Жас ұрпақ табиғатты аялауды, қоршаған ортаға қамқор болуды үйренсе, болашақта елді өркениетке жетелейтін саналы қоғам қалыптасады. Әрбір жас таза табиғатта өмір сүруді өзінің басты құндылығы деп қабылдайтын болса, елдің ертеңі жарқын болмақ.
«Таза Қазақстан» – табиғатқа тағзым, болашаққа қамқорлық, халықтың бірлігі мен жауапкершілігінің белгісі. Бұл акция аясында жүзеге асқан әрбір іс-шара елдің жасыл келешегіне жасалған қадам болып қала береді.
Бойцун Вера Викторовна
Құқық қорғау органдарының ардагері
