Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деген ұстаным қоғам үшін аса маңызды. Бұл қағида еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі болып табылады.
Жолдауда атап көрсетілгендей, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу, қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын қолдау арқылы біз ел ішінде құқықтық мәдениетті нығайтып, әділдік пен тәртіпке негізделген орта қалыптастырамыз.
Сонымен бірге, Президент атап өткендей, қоғамдық орындардағы әдепсіздік, дау-жанжал, балағат сөздер – мәдениетті қоғамға мүлде жат қылық. Мұндай әрекеттерге жол бермеу – әрбір азаматтың парызы.
Жолдау халықты бірлікке, патриотизмге, мемлекетшілдікке шақырады. Егемендігімізді сақтау, жеріміздің тұтастығын нығайту – бәрінен биік міндет. Осы тұрғыдан алғанда, заңға құрмет, тәртіпке бағыну – ел болашағы үшін айрықша маңызға ие.
Мемлекет басшысы жолдауында айтылған осы қағидаларды қолдай отырып, әрқайсымыз өз отбасымыздан бастап қоғамға үлгі болуымыз қажет. Сонда ғана тұрақты әрі өркениетті Қазақстанды бірге қалыптастырамыз.
Токабаева Сания Абикеновна
«Болашақ Қаражал» ҚБ төрағасы