Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында еліміздің білім беру жүйесіне қатысты жаңа міндеттер жүктеді. Әсіресе жасанды интеллектіні мектеп қабырғасынан бастап оқытуға ерекше назар аударылды. Бұл бастама – Қазақстанның цифрлық дамуындағы маңызды қадам.
Президент атап өткендей, әлемдік еңбек нарығы жыл сайын өзгеріп, цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына еніп отыр. Жасанды интеллектіні меңгерген мамандарға деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Сондықтан оқушыларға осы саланың негіздерін ерте жастан үйрету – болашақтағы табысты өмір мен кәсіби дамудың кепілі.
Жолдауда атап өтілгендей, мектеп оқушыларына арналған арнайы бағдарлама мен оқу құралдарын әзірлеу қажет. Бұл балалардың алгоритмдік ойлауын, деректерді талдау қабілетін, ғылыми-зерттеушілік дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мұғалімдердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттілігін арттыру – заман талабынан туындаған қажеттілік.
Ауыл мектептері үшін «Qazaq Digital Mektebi» платформасы ерекше маңызға ие болмақ. Қашықтан оқыту және жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленетін бұл үлгі шалғайдағы оқушыларды да сапалы біліммен қамтамасыз етуге жол ашады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы балаларды дамыту орталықтарын салу тәжірибесін өңірлерде кеңінен енгізу қажет. Бұл да жас ұрпақтың заманауи білім мен дағдыға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бағдарламасы – тек білім беру саласының ғана емес, елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар қадам. Бүгінгі оқушы – ертеңгі бәсекеге қабілетті маман, сондықтан олардың жаңа технологияларды меңгеруі Қазақстанның дамуына зор үлес қосары сөзсіз.
Сагинтаева Гульнар Сапаровна
Қаражал қаласының Мансап орталығының директоры