Жобаның жалпы құны – 1.4 миллиард теңге. Қазіргі таңда ғимараттың қос қабаты тұрғызылды, төбесін жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Есік терезелері тапсырыс берілген, материалдар жеткілікті. Білім беру нысаны қаланың «Вокзал» шағынауданында орналасады.
Білім ошағының аумағын абаттандыру құрылыспен қатар жүргізіледі. Нысанның аяқталу мерзімі – 2025 жылдың қарашасы.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет жыл басында Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлген болатын.