Еңбек адамының қоғамдағы орны қашанда ерекше болған. Қай кезеңді алсақ та, ел дамуы мен халықтың тұрмыс сапасы ең алдымен кәсіби мамандардың шеберлігіне байланысты. Бүгінде мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі – білікті жұмысшы кадрларды даярлау және олардың мәртебесін көтеру.
Кәсіби шеберлік – тек қана білім мен тәжірибені емес, жауапкершілік пен адалдықты да талап ететін қасиет. Өз ісін жетік меңгерген маман ғана заманауи өндіріс пен технологияны игеріп, жаңа белестерді бағындыра алады. Бұл тұрғыда «Жұмысшы мамандықтар жылы» – еңбек адамына деген құрметтің айқын дәлелі.
Жастар үшін кәсіби білім алу – болашаққа жол ашатын мүмкіндік. Техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім алып жатқан жас мамандардың әрқайсысы ертеңгі күні еліміздің экономикалық қуатын арттыруға үлес қоса алады. Әсіресе өндіріс, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларына сұраныс артып отырған шақта кәсіби шеберлік – ең басты құндылық.
Шынайы еңбекке берілген, мамандығына адал адам – қоғамның тірегі. Сондықтан кәсіби шеберлікке ұмтылу – тек жеке жетістік емес, ол тұтас елдің дамуына қосылған үлес.
Байшукенова Тлеухор Жанжумановна
Қаражал қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі
КММ директоры