Қоғам дамуының қай кезеңінде де еңбек адамы мемлекет тірегінің бірі болып келген. Бүгінгі таңда жұмысшы мамандығының маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Технологиялық жаңғыру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын модернизациялау, инфрақұрылымды дамыту – барлығы білікті жұмысшы кадрларының тәжірибесі мен кәсіби шеберлігіне сүйенеді.
Жұмысшы мамандығының беделі тек материалдық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік-мәдени қырынан да маңызды. Еңбек адамы – қоғамдағы әділдіктің, адалдықтың және тұрақтылықтың бейнесі. Оның еңбегі арқылы қалалар салынып, өндіріс дамып, халықтың әл-ауқаты артады. Сондықтан жұмысшы мамандығын игеру – тек кәсіп таңдау емес, ол – қоғамға қызмет етудің айқын жолы.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру үшін мемлекет кәсіби білім беру жүйесін күшейтіп, дуальді оқытуды дамытуға, еңбек озаттарын марапаттауға, жастарды нақты өндірістік салаға тартуға баса назар аударып отыр. Бұл қадамдар мамандықтың мәртебесін көтеріп қана қоймай, оны болашақ ұрпақ үшін тартымды ете түседі.
Қазіргі таңда жұмысшы мамандығы қоғамдағы іргелі орынға ие. Ол – ұлттық экономиканың берік іргетасы, әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі және әрбір азамат үшін еңбекке деген құрметтің белгісі. Жұмысшы еңбегінің абыройын мойындау – елдің өркениетті дамуының басты шарты.
Оспанова Замзагуль Кажмукановна
Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы