Таза Қазақстан – ұлттың экологиялық қауіпсіздігі мен өркендеу кепілі

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Экологиялық ахуалдың жақсаруы қоғамның денсаулығына, халықтың өмір сапасына және елдің ұзақ мерзімді дамуына тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды бастама болып саналады.
Аталмыш шара тек санитарлық тазалық жұмыстарымен шектелмей, халықтың экологиялық ой-санасын арттыруға, тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге және табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Бұл акцияның аясында өткізілетін іс-шаралар – жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндірудің, экологиялық құндылықтарды дәріптеудің пәрменді құралы.
Жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында табиғи ресурстарды сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі – мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі басымдығы. «Таза Қазақстан» бастамасы әрбір азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қоғамда орнықтыруға қызмет етеді.
Табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы тек экологиялық шара ғана емес, елдің өркендеу жолындағы стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады.

Сатанов Жанат Рахымжанович
Қаражал қаласы мәслихаты аппартының басшысы