Қазақстанның дамуы кезең-кезеңімен еңбек адамының кәсіби шеберлігіне сүйеніп келеді. 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп айқындау – елдің стратегиялық дамуының маңызды векторы. Бұл шешім тек экономикалық қажеттіліктен емес, сонымен қатар еңбек адамының қоғамдағы беделін жаңаша түсінуден туындап отыр.
Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер – автоматтандыру, жасанды интеллект, өндірістік процестердің күрделенуі – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін төмендетпейді, керісінше, олардың құндылығын айқындай түседі. Себебі жаңа технологияны басқаратын да, оны жетілдіретін де – кәсіби білімді, тәжірибесі мол жұмысшы.
Жұмысшы мамандығын таңдау – болашаққа сенімді қадам. Бұл жыл жастардың кәсіптік бағдарын айқындап, еңбек адамының мәртебесін ұлттық деңгейде қайта жаңғыртудың бастауы болмақ.
Құрмансейітов Жалғасқан Ахатұлы
«Қазыналы өңір» Өңірлік газеті
ЖШС директоры