Қаражал қаласында «Таза Қазақстан» акциясы өтті 

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында Қаражал қаласында кең ауқымды «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараға қала тұрғындары, қоғам белсенділері мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бір кісідей атсалысып, көше мен аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазалады. Қаламыздың жасыл келбетін сақтап, тұрмыс мәдениетін көтеруге бағытталған акция – тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығы мен ортақ жауапкершілігінің жарқын көрінісі болды.