2025 жыл – еңбек адамына тағзым ететін жыл.
Бұл – қарапайым жұмысшылардың, мамандардың, тер төккен жандардың еңбегі ескерілетін кезең.
Бүгінгі күні нағыз қаһармандар – зауытта, шахтада, мектепте, ауруханада, егістікте жүрген адамдар.
Олар даңқ іздемейді – олар өз ісіне адал.
Әр құрылыс – құрылысшының қолымен,
әр бала – мұғалімнің тәрбиесімен,
әр жан – дәрігердің көмегімен өсіп келеді.
Еңбек – ешқашан ескерусіз қалмауы керек!
Бұл жыл – олардың абыройын асқақтататын жыл.
Оларды құрметтеу – ұлтты құрметтеу.
Олардың еңбегі – біздің болашағымыздың іргетасы. “Болашақ-Қаражал” ҚБ төрайымы С.Токабаева