Бүгінгі таңда қоғамның тұрақты дамуы мен әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің басты кепілі – еңбек адамы. Ол – өндірістің қозғаушы күші, кәсіби біліктіліктің, жауапкершілік пен тәртіптің көрінісі. Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында еңбек адамының рөлі ерекше атап өтіліп келеді.
Еңбек адамын қолдау – бұл елдің адами капиталын нығайтуға, сапалы мамандар корпусын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы артып отыр. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылып келеді.
Еңбек адамы – тек физикалық жұмыс істейтін адам емес. Ол – өз саласында кәсібилігімен, ұқыптылығымен және тұрақтылығымен ерекшеленетін маман. Кеңсе қызметкері, инженер, есепші, мұғалім, медицина қызметкері, агроном – әрқайсысы өз ісінің маманы ретінде ел дамуына үлес қосып келеді.
Корпоративтік мәдениет аясында еңбек адамына деген құрмет, әділ бағалау жүйесі, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету – ұйымның ішкі тұрақтылығы мен дамуының негізі.
Сондықтан кез келген мекеме, ұйым немесе кәсіпорын үшін еңбек адамы – басты ресурс. Оны қолдау, кәсіби дамуына жағдай жасау – табысты болашақтың кепілі.
Мереке Жұманбаева
Қаражал қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы