Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға бағытталған.

2025 жыл — еңбек адамына деген құрмет пен қолдаудың жылы. Бұл бастама арқылы Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы артып, жастардың осы салаға қызығушылығы оянады деп күтілуде.