Қазіргі уақытта әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі – қоршаған ортаның ластануы және оның адамзатқа тигізер қауіпі туралы болып отыр. Әлемдік деңгейде ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізіп жаһандық жылыну, климаттық өзгерістер туралы ауқымды еңбектер жазып, шешу жолдарын қарастыруда. Осындай үлкен мәселе кішкентай ғана адам қолымен жасалып жатқаны өкінішті.
Осы орайда адамгершілік, тазалық, жауапкершілік, мейірім мен қамқорлық деген сөздердің мағынасы қаншалықты тереңде екенін түсінеміз. Табиғат тақырыбы қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында да орыны ерекше. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп С.Торайғыров өлең жолдарымен қоршаған ортаның адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Елімізде, Президенттің бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда кентімізде жыл басы Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында басталған «TazaLikе», «Таза бейсенбі», «Таза аула» акциялары өз жалғасын табуда. Сол себепті, өңір тұрғындарын қоқыс тастамауға және аталған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамын.
Айгерим БУРГОКОВА,
«Жәйрем кенті әкімінің аппараты» ММ жедел басқару бөлімінің басшысы.