Облыс әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ «Ақсауыт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абзал ӘБЖАППАРОВТЫ қабылдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
Әңгіме барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа үлгідегі оңалту-сауықтыру орталығын ашу жоспары талқыланды. Бұл нысан келешекте табиғат аясында бой көтеруі мүмкін.
Аймақ басшысы мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға арналған осындай орталықтардың облыс орталығында ғана емес, әр аудан мен қалада болуы қажет екенін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, қоғамда ерекше сұранысы бар жандарға мейлінше қолайлы жағдай жасау қашанда басты назарда болатынын жеткізді.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің материалдары негізінде әзірленді.