Сіздерді баршамызға ортақ, табиғаттың көктемгі жаңаруы мен жаңғыру мейрамы – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік жылдары Наурыз мейрамы біздер, қазақстандықтар үшін адамдардың рухани тазаруына, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға ықпал жасайтын табиғаттың қайта гүлдеуі мен жаңаруы ретінде, шын мәнінде, жалпыұлттық және сүйікті мерекеге айналды.
Наурыз мейрамы идеясы бүкіл әлемге үйлесім мен өзара түсіністікті, төзімділік пен достықты жеткізетін Ұлы Дала балаларының бітімгерлік қасиетімен ұштасады.
Талпынысымыздың бірегейлігі біздің мемлекетіміздің әлемдік аренадағы жетістіктері мен болашақ жеңістерінің кепілі болды.
Бүгінде біздің әрқайсымызда Қазақстан атты үлкен отбасының азаматтары ортақ Отанымыздың одан әрі дамуына үлес қосуға, оның болашағы үшін жауапкершілік алуға мүмкіндігіміз бар. Жыл сайын біз ата-бабалардың басты мұрасы іспетті ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтып келеміз.
Қымбатты жерлестер!
Келіп жеткен жыл, бүкілхалықтық мереке – Наурыз мейрамы жақсы бастамалар, таза ойлар мен игі істердің жаршысы болуына шын жүректен тілектеспіз.
Біздің ортақ үйіміз – егеменді Қазақстан өркендесін!
Әрбір отбасында бақыт пен игілік орнап, еңбек еткен әр күндеріңіз табыс пен шабытқа толы болсын!
Наурыз мейрамы Сіздерге жақсы көңіл-күй мен қуаныш сыйласын!
Дастарқандарыңыз мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.