Құрметті жерлестер! Қымбатты металлургтер, кеншілер мен кен байытушылар

Сіздерді ерекше маңызды мереке – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Кен байыту саласы – аймақ экономикасының ең маңызды құрамы. Осы мамандыққа өз өмірін арнаған металлургтерге, ардагерлерге алғысым шексіз.

Металлург күні – төзімді, өз кəсібіне адал, ермінезді, ұстамды жандардың мерекесі. Өндірісте шыңдалған адамдар əрқашан адал еңбек жасап, алдыңғы буынның сара жолын, дəстүрін жалғастырады.

Металлургия отандық экономиканы алға бастаушы сала болып қала береді. Ол арқылы елдің өнеркəсіптік қуаты арта түседі. Бұл – аса жауапты жəне ілкімді іс. Кадрлық əлеует, дəстүр мен жаңа технологиялар – oсының барлығы металлургтерге өндірістегі жауапты міндеттерді орындауға септігін тигізеді.

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының əкімі.

Зəмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мəслихат хатшысы.