Құрметті жерлестер!
Сіздерді мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз!
Адамның бойындағы иман байлығын еселеп, рухани түлеу мен ізгілікке, адамгершілікке, сабыр мен төзімділікке тәрбиелейтін, сауапты іс жасауға құлшындыратын айдың шапағаты мен берекесі мол болсын!
Рамазан айында әлсіз жандарға қамқор болып, қайырымдылық пен жақсылық жасағандардың сауабы еселенеді. Адамзатты ынтымақ пен бірлікке, бейбітшілікке шақыратын Рамазан айы мүбәрак болсын! Ұстаған оразаларыңыз, берген пітір-садақаларыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Тілектес Досаев,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл Оспанова,
қалалық мәслихат хатшысы.