Қаражал қаласында кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беріп, таңдау жасауға 1936 жылы дүниеге келген Дамешкен Текебаев ақсақал да келді.
Ақсақал өз таңдауын жасаған соң сайлау учаскесінде қызмет көрсетіп жүрген кезекшілер мен бақылаушыларға алғысын жеткізіп, бұл науқанның ел үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, қалың көпшілікті өз құқықтарын қолданып, дауыс беруге қатысуға шақырды. Өз кезегінде сайлау учаскесі тарапынан ақсақалға арнайы естелік сыйлық табысталды.