Құрметті металлургтер мен сала ардагерлері!

Қалыптасқан дəстүр бойынша шілденің үшінші жексенбісі Қазақстанда сіздердің кəсіби мерекелеріңіз – Металлург күні атап өтіледі.

Металлургия өнеркəсібі біздің облыс экономикасында сөзсіз ерекше маңызға ие.

Бүгінгі таңда Жезқазған мен Қаражал металлургтері біздің облыстың ғана емес, тұтастай республика экономикасының өсуіне өз үлесін қосуда.

Металлургия кешенінің кəсіпорындарында жаңа өндірістер ашылуда, жаңа технологиялар енгізілуде, бұл өнімнің жаңа түрлерін шығаруға, оның сапасын жақсартуға жəне əлемдік нарықта бəсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл жоғары нəтижелер – жұмысшылар мен инженерлердің, ең күрделі өндірістік процестерді қамтамасыз ететін басқа да сала мамандарының күнделікті жұмысының жемісі.

Кадрлық əлеует, дəстүр, ардагерлердің тəжірибесі жəне жас мамандардың энергиясы – осының барлығы біздің металлургтерге күрделі өндірістік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Осы мерекеде барлық металлургтерге,ардагерлерлерімізге аймақ металлургиясының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін ерекше алғыс айтамыз.

Қымбатты металлургтер!

Сіздерді шын жүректен кəсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге жəне жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт жəне амандық, еңбекте жаңа жетістіктер тілейміз.

Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ,

Ұлытау облысының əкімі.

Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ,

облыстық мəслихаттың хатшысы.