2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы!

Ел дамуының іргетасы – адал еңбек пен кәсіби шеберлік. Қоғамға қажетті нағыз мамандар – дәнекерлеуші, құрылысшы, механик, электрик, технолог сынды жұмысшы кадрлар – еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосуда.

Биылғы жыл – осы мамандық иелерінің мәртебесін көтеріп, жастарды кәсіптік бағытқа ынталандыру жылы! Еңбекті бағалайық, кәсібімізді мақтан етейік!