Қаражал қаласында өткен кездесуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өкілдері аймақ тұрғындарымен жүздесіп, өздерінің жаһандық бағдарламаларын таныстырды. Бұл бағдарлама теңсіздік, әділетсіздік және климаттың өзгеруімен күреске бағытталған.
Іс-шараға БҰҰДБ бағдарламасының жетекшісі Ботагөз Юсупова, эксперименттер бөлімінің басшысы Данияр Мукитанов, жоба сарапшысы Қанатбек Зертуймеев және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов қаланы дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, білім беру және медицина салаларындағы маңызды мәселелерді көтерді, соның ішінде медицина мамандарының тапшылығы мәселесі де талқыланды.
БҰҰДБ өкілдері өңірдегі өзекті мәселелерді шешуде ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.