Президент халыққа Жолдауында менің көкейімде жүрген мәселелердің бірін қозғады.
Ол кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырды. «Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек» деп баса айтып өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе екенін және білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет екендігін атап өтті. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек.
Иә, соңғы жылдарда белең алып бара жатқан жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық, буллинг мәселесі елді алаңдатпай қоймайды. Осы ретте үкімет бұл мәселені жан-жақты қолға алуы тиіс деп есептеймін. Мемлекетіміз балалар үшін қауіпсіз қоғам жасай алуы қажет.
Мереке ЖҰМАНБАЕВА,
Қаражал қалалық
Ардагерлер кеңесінің
төрағасы.