Күн салқындап, жылыту маусымы басталған сәттен бастап өрт қауіпінің артуы да жиі байқалады
Әсіресе, жеке тұрғын үйлер мен пеш арқылы жылыту жүйелерін пайдаланатын отбасылар ерекше сақтық шараларын ұстануы қажет. Өрттің басым бөлігі дәл осы жылыту кезеңінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан туындайды.
Қауіпсіздіктің негізгі ережелері:
-
пеш пен мұржаны жылыту маусымы басталар алдында міндетті түрде тазалап, жарамдылығын тексеріңіз;
-
пешті жағу кезінде жанғыш және тез тұтанғыш заттарды (киім, жиһаз, отын) пешке жақын қоймаңыз;
-
пешті жағу кезінде үйден шықпаңыз және ұйықтар алдында отты сөндіріп кеткеніңізге көз жеткізіңіз;
-
электр жылытқыш құралдарын тек зауытта жасалған, сертификаты бар түрлерін ғана пайдаланыңыз;
-
электр сымдарының тұтастығын жиі тексеріп, бүлінгендерін ауыстырыңыз;
-
балаларды пеш пен электр құрылғыларының жанына қараусыз қалдырмаңыз;
-
егер түтін иісі немесе от иісі сезілсе, дереу пешті сөндіріп, терезені ашып, мамандарды шақырыңыз.
Қала тұрғындарына жыл сайын түсіндіру және рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен, қауіпсіздік – ең алдымен әр адамның жеке жауапкершілігі. Бір сәттік немқұрайлылық үлкен қайғыға әкелуі мүмкін екенін ұмытпайық.
Қаражал қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.
Өз қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда!
Аблайхан ЖОЛБАРЫСБЕКОВ,
Қаражал қаласы ТЖб аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.
