Жылыту маусымы – өрттердің туындау себептері әдеттегіге қарағанда анағұрлым көп болатын кезең. Пештер, қолдан жасалған жылыту электр аспаптары мен басқа да от жағу қондырғыларын дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін.
Пештер бұл тек жылу көзі ғана емес, сондай-ақ, өрттің туындау мүмкіндігі екенін де есте сақтау керек. Көбінесе пештерді қараусыз қалдырғанда қауіп көп төнеді. Пәтер жалдаушылар мен үй иелерінің сақтық шаралары туралы ұмытып кетуі алаңдатады. Біріншіден, жанудың себебі пештерді орнату қағидасын бұзудан болуы мүмкін. Бұл түтін құбырларының өту орындарын жеткіліксіз бөлу, пеш және қабырға арасында бос орындарының аз болуы. Бұған қосымша пеш алдында отқа төзімді темір табанның болмауын жатқызуға болады, осының салдарынан түскен көмірден еден тұтанады.
Тағы бір зардап – бұл пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу, кейде жылыту аспаптары толық жарамды болған кезде де қиын жағдайлар туындайды. Пешті бензин, керосин немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтармен жағу кезінде және ұзындығы пештің өлшемінен асатын ағаш отынды пайдаланғанда, сондай-ақ, пешті шамадан тыс қыздыру жиі қателіктерге ұрындырады. Пештің үстіңгі жағы жылу екпінінен аса тиісті температураға дейін қызады. От жағу аяқталғаннан кейін, бірнеше уақыт өткен соң кірпіштің сыртқы және ішкі беттерінде температура бірдей бола бастайды, бұл пештің шамадан тыс қызуына әкеп соғады. Осыны болдырмау үшін, жанатын отынның көлемін қатаң қадағалау қажет. Көп уақыт жанбаған суық пешті жұмыс температурасына баяу жағып, кептіру қажет. Ол үшін отынды жағар алдында аз салу керек.
Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен «101» номерін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз.
Өз мекен-жайыңызды дұрыс жеткізіп, өртеніп жатқан жерді сипаттап беріңіз. Өрт сөндірушілер келгенше, өрт көзін жабуға әрекет жасаңыз. Өрт өршіп кетсе және сіздің оны оқшаулауға шамаңыз келмесе электр ажыратқышты өшіріңіз. Егер мүмкін болса, өрттің өршуін көп еселейтін газ баллонды сыртқа шығарып, есіктерді жауып, өртеніп жатқан жерден қауіпсіз аймаққа шығыңыз.
Абылайхан ЖОЛБАРЫСБЕКОВ,
Қаражал қаласы ТЖб аға инженері.
