Ағымдағы аптада Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Аманқазы Наукенов, Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы Зәмзагүл Оспанова, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы Жанат Сатанов, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бекзат Қален, «Қаражал қаласы әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері бірлесіп қаланың бірқатар әлеуметтік нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлердің автономды жылыту жүйелерінің жай-күйіне тексеру жұмыстарын жүргізді.
Аралау барысында 33 үй, 22 үй, 12-орамдағы 3 үй, сонымен қатар, қалалық мектептердің жылыту маусымына дайындығы назарға алынып, автономды жылыту жүйелерінің техникалық жағдайы қаралды.
Бақылау барысында бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар анықталып, олар «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» қызметкерлеріне ескерту ретінде айтылды. Қоғамдық кеңес пен мәслихат депутаттары алдағы уақытта барлық автономды жылыту жүйелерінің толыққанды дайын болуын және жылу маусымының ойдағыдай өтуін қатаң бақылауда ұстайтындарын жеткізді.
Анықталған кемшіліктер ескеріліп, жауапты тұлғаларға оларды қысқа мерзім ішінде жою бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Қалалық мәслихат пен қоғамдық кеңес өкілдері коммуналдық қызметтердің сапалы әрі уақытылы көрсетілуі қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.
Осы ретте жылыту маусымына дайындыққа қатысты бақылау шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.