Жылдың ең басты мерекесі

Жәйрем халқының асыға күтетін тамаша мейрамдарының бірі – Металлург күні. Жылда кәсіби мереке барынша жоғары деңгейде атап өтіліп, тамаша көңіл-күй мен позитивке толы керемет кеш ұйымдастырылады. Биыл да дәстүрлі мереке Жәйрем кентінің орталық алаңына барлық жәйремдіктерді тоғыстырды.

Кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиынды Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов бастап, өндірісшілермен қатар, жалпы жәйремдіктерге жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Өндірістің бірқатар үздіктеріне, аналитикалық зертхана зертханашысы Мөлдір Ашықбаеваға, қойма шаруашылығының жүк тасымалдаушысы Жалғас Жармұхаметовке, комбинаттың бас есепшісінің орынбасары Ирина Канға, «Жәйрем» кенішінің бульдозер машинисі Амандық Адьхамовқа, теміржол цехының кезекшісі Ермек Жекеновқа Құрмет грамотасын ұсынды.

Металлург мамандығы – қайратты, табанды және өзіне сенімді жандардың кәсібі және осы саладағы жетістіктер ең алдымен нақты адамдардың жетістігі, олардың адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберліктері. Жәйремдік металлургтердің бойында осы қасиеттердің барлығы табылады. Ең алдымен Жәйрем кен байыту комбинатының үздік қызметкерлері, еңбектегі толайым жетістіктері үшін берілетін мемлекеттік наградалардың иегерлері марапатталды.
«Жәйрем КБК» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әлиев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мүбәрак Кәрібаев ортаға шығып, бүгінгі мереке иелерін құттықтап, өндірістің ең үздіктеріне салалық төсбелгілерін ілді. ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі көлік цехының автомобиль жүргізушісі Ғабдулла Көшкімбековке, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі техникалық бақылау бөлімінің байыту өнімдерін бақылаушы Наталья Куксина мен «Жәйрем» кенішінің экскаватор машинисі Ерлан Рахметовқа табысталды.
Төсбелгі иегерлерінен кейін «Казцинк» компаниясы бас директорының Құрмет грамотасымен «Жәйрем» кеншінің тау-кен массасын тасымалдаушы көліктің жүргізушісі Аманғали Темешбаев, жөндеу механикалық базасының токарі Серік Татиев, полиметалл байыту фабрикасының кран машинисі Ғалия Боранқұлова, полиметалл байыту фабрикасының реагент ерітушісі Жетпісбай Жақыпбеков, техникалық күтіп қарау және жөндеу жұмыстары басқармасының автокөліктерді жөндеуші слесарі Аян Өсеров, техникалық бақылау бөлімінің жетекші маманы Жеңісбек Сұлтанбек, «Жәйрем» кенішінің жүк тиеуіш машинисі Бақтыбай Акимжанов, полиметалл байыту фабрикасының реагент ерітушісі Шекергүл Фазылова марапатталды.
«Жәйрем КБК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасын «Жәйрем» кенішінің экскаватор машинисі Болатбек Шаймұрат, полиметалл байыту фабрикасының аға шебері Динара Темірханова, энергия цехының электрслесарі Рустам Утепов, аналитикалық зертхана инженері Татьяна Савина, қойма шаруашылығының операторы Гүлжан Арыстанбекова, тау-кен жұмыстарын жоспарлау бөлімінің инженері Данагүл Ибраева, өндірістік-техникалық басқармасының диспетчері Гүлназ Айткенова, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Эльдар Усманали иеленіп, қаржылай сыйлық алды.
Келесі кезекте «Казцинк» ЖШС жергілікті кәсіподақ ұйымының «Күміс белгісімен» және қаржылай сыйақымен басқарманың цех комитетінің төрағасы, өтім және кедендік рәсімдеу бөлімінің бастығы Мейрам Нұрланов пен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекші маманы Меруерт Тайгабарова марапатталды. «Казцинк» ЖШС жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасының Құрмет грамотасын техникалық қолдау тобының басшысы Ақмоншақ Құтжанова, полиметалл байыту фабрикасының офис-менеджері Самал Исабаева, көліктер цехының слесарі Жастілек Абдрахманов, «Жәйрем» кенішінің шебері, техникалық инспектор Ғалымжан Досов, қойма шаруашылығының жанғыш-майлағыш материалдарды есепке алушы, техникалық инспектор Аманғали Алдоңғаров иеленді. Сонымен қатар, 2023 жылдың нәтижесі бойынша «Казцинк» ЖШС «Ең үздік техникалық инспекторы» номинациясымен техникалық инспектор Дәурен Нұралинов құттықталды.
Осы кәсіби мереке қарсаңында қызметкерлер құрамымен жұмыс атқару қызметі және қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту бөлімі бастауыш кәсіподақ ұйымымен бірлесе «Жәйрем КБК» АҚ бөлімшелері арасында кәсіби шеберліктен сайыс өткізуді дәстүрге айналдырған болатын. Биылғы жылы да сол кәсіптік шеберлік сайысы жоғары деңгейде өтіп, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болғандар кәсіби мерекеде сахна төріне көтеріліп, өз марапаттарын алды.
«Ең үздік байыту өнімдерін бақылаушы» номинациясы бойынша 1 орынды Әлия Абильдина, 2 орынды Гүлжан Савитхан, 3 орынды Алтынай Абильдина иеленді. «Жәйрем» кенішінің «Үздік тиегіш жүргізушісі» номинациясымен 1 орынды Бақытмұрат Охай, 2 орынды Ерген Нұрмағамбетов, 3 орынды Жасұлан Сембин алды. «Жәйрем» кенішінің «Ең үздік экскаватор машинисі» номинациясында 1 орынмен Болатбек Шаймұрат, 2 орынмен Жанболат Алин, 3 орынмен Фазылбек Мұстафаев марапатталды. Көлік цехының «Үздік автомобиль жүргізушісі» номинациясында 1 орынға Сергей Ткаченко, 2 орынға Дастан Кәрібаев, 3 орынға Қуаныш Әбішев лайық деп танылды. Айнұр Сейтмұратова «Ең үздік кран машинисі» атанды, 2 орынды Аян Әбікенов, полиметалл байыту фабрикасының «Үздік ашалы тиегіш жүргізушісі» номинациясымен 1 орынды Жайық Дастанов, 2 орынды Ербол Мүсәпіров, 3 орынды Азамат Жақанов иеленді. Бұл есімдері аталғандар, сөз жоқ үздіктердің үздігі! Қиындығы мен күрделі үрдісіне, жұмыстың тығыз кестесіне қарамастан барлық бөлімшелер аталған сайысқа тиісті деңгейде дайындалды. Аумақтарында жарыстар өткізілген 5 цехтың ішінде конкурстық комиссия мүшелерінің ұйғарымымен 2 цех басшысы «Жәйрем» кенішінің учаске бастығы Марғұлан Тоқымбаев пен реагент бөлімінің бастығы Гүлшат Әділбекова «Ең үздік ұйымдастырушы» номинациясын иеленіп, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, аталған сайыстың «Ең жас қатысушы» номинациясын Ғасырлан Далешов және «Ең жасы үлкен қатысушы» номинациясын Нұркен Әйткенов алды.
Адал және мүлтіксіз еңбектері үшін келесі өндірісшілер бағалы сыйлық сертификаттарымен марапатталды: геологиялық жұмыстардың тау-кен жұмыскері Гүлшарат Құсайынова, комбинаттың жетекші экономисі Екатерина Ибатова, «Жәйрем» кенішінің слесарі Азамат Қартабаев, «Жәйрем» кенішінің бұрғылау қондырғысының машинисі Әділхан Оразалин, «Жәйрем» кенішінің тау-кен массасын тасымалдаушы көлік жүргізушісі Қайрат Сыздықов, полиметалл байыту фабрикасының жұмыскері Темірәлі Сүлейменов, сорғы қондырғысының машинисі Аманбек Мекен, кен ұсақтаушы Өмірхан Асылбеков, қоймашы Қанымкүл Елеусізова, зертханашы Гүлдана Дүйсенова, техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысы Бағдат Мекебаева, жабдықтарды жөндеуші слесарь Ерболат Тұрабеков, теміржол цехының ауысым шебері Гүлсара Жақыпбекова, өндірісті автоматтандыру және байланыс басқармасының жұмыскері Сергей Иванов, көліктер цехының слесарі Владимир Ярышкин.
Қаншама жұмыскердің мерейін үстем қылған марапаттау салтанатынан кейін сахна төрінде жергілікті және қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. «Нұрби» хореографиялық ансамблі көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
Нөсерлете тоқтаусыз жауған ақ жауынға қарамастан дүбірлі мереке барынша өз деңгейінде өтті. Жиналған қауым ақ жауынды нұрға теңеп, еңбеккерлердің табыстары мол, ырысты жыл болсын деген тілекпен тарқасты.
Мерекеге келген барлық балаға тәттілер үлестірілсе, Металлург күні, шілденің үшінші жексенбісінде ауысымда болған барлық жұмыскерлерге тәтті торттар үлестірілді.
Міне, жәйремдіктердің асыға күтетін төл мерекелері Металлург күні осылайша тойланды. Әр шаңыраққа шаттық ұяласын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,
«Жәйрем кен байыту
комбинаты» АҚ
Бастауыш Кәсіподақ
ұйымы төрағасының
орынбасары.