Ағымдағы жылы Жәйрем кенті бойынша 13 көшеде автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмысты ұтып алған мердігер мекеме «Арқа құрылыс 2009» ЖШС. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Ұлытау облыстық филиалының мамандары сол жолдардың сапасын тексеріп, асфальт бетоннан сынама алу жұмыстарын жүргізді.
Аталған жұмысқа кент әкімі Қайрат Жансағымов, Қаражал қалалық мәслихатының депутаттары Гауһар Наурызбаева, Данияр Жақсыбеков және «Арқа құрылыс» ЖШС өкілдері қатысты. Сынама алу жұмыстарынан бөлек алдағы уақытқа жоспарланған жолдардың көлемдері де өлшенді.
Қайрат Жансағымов, кент әкімі:
-
Аталған мердігер Ветеран көшесіне — 0,28, Серпін көшесіне — 0,3, Геофизическая көшесіне — 0,28, Керуен көшесіне — 0,25, Геологическая көшесіне — 0,29, Жандосов көшесіне — 0,25, Жұбанов көшесіне — 0,25, Целинная көшесіне — 0,25, Асатов көшесіне — 0,32, Қазына көшесіне — 0,24, Самал көшесіне — 0,90, Самостройка көшесіне — 0,36, ГРЭ — 0,85 шақырым асфальт төсеген.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Жәйрем кенті әкімінің аппараты» ММ арасында келісімшарт негізінде 13 көшеде асфальт жабындысынан сынама алынып, Асатов, Серпін көшелері тексерістен өтпей қалған болатын.
Бүгін міне, сол аталған көшелерден қайтадан сынама алынды. Нәтижесі 10 жұмыс күні ішінде дайын болады. Егер аталған көшенің жолдары тағы да талапқа сай болмаса, асфальт толықтай сүріліп тасталып, қайтадан салынады.
Уразали Уразбаев, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Ұлытау облысы бойынша филиалының инженері:
– Сапа орталығының қызметі жоспар кестесіне сәйкес жұмыс жүргізу объектілерінде жұмыстар мен материалдардың сапасына ішінара сараптама жүргізу болып табылады, оның нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады және қоғамның облыстық филиалына және мердігер ұйымға белгіленген тәртіппен жіберу болып табылады.
Бүгін біз Жәйрем кенті жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын тексереміз. Жол жөндеу жұмыстары басталғаннан бастап біздің филиал Жәйремге жеті рет келіп, сынақ зертханасына қырық сегіз сынама алдық, нәтижесінде іріктелініп алынған сынаманың үшеуі нормативтік талаптарға сай емес.
Анықталған ақаулар және талапқа сай келмейтін бұзылымдар қалпына келтірілген соң, мердігер ұйым тарапынан атқарылған жұмыстар туралы, яғни, анықталған бұзылымдар қалпына келтірілгені туралы хат келіп түскен соң, біз бүгін міне, қайтадан сынама алуға келдік.
Алынған жынысөзектердің екеуінің сумен қанықтыру және тығыздалу коэффициенті нормативтік талапқа сәйкес болмағандықтан асфальт бетон жабындысының үстіңгі қабатынан жынысөзекті қайта алу мақсатында комиссиялық тексеріс жүргіземіз және сынамаларды аламыз.
Сынамаларды кез келген жерден алуға болмайды. Өзінің белгіленген жерлері бар. Мысалы, жол шетінен бастап 1 метр қашықтықта, 7 мың квадратқа 3 керн ала аламыз.
Сынама алу кезінде міндетті түрде мердігер компанияның адамдары болу керек және технадзор болу керек. Міне, бүгін өздеріңіз көріп отырғандай, біз сынама алатын жолды жасаған мердігер ұйым «Арқа құрылыс» өкілдері, кент әкімі, тіпті, депутаттарға дейін жүр.
Жолдың сапасы қашаннан ең өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан да, жол сапасына бақылаудың жан-жақты болғаны артық етпейді. Ең бастысы алынған сынамалардың нәтижелері талапқа сай болса. Жұмыстың сапасы — мердігер жұмысының бағасы.
Теректі ШАҒАТАЙ.