Президент бүгінгі жолдауында менің көкейімде жүрген мәселелердің бірін қозғады.
Ол – елімізде экологиялық ахуалды жақсарту.
- Мемлекет басшысы осы ретте бірқатар шараларды атап өтті. Соның ішінде, Қазақстанның бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтау мақсатында кең байтақ даламызды және орманымызды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдау қажет екенін, және табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін орман алқаптарын көбейту керек екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына да тоқталып өтті. «Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді». Иә, елімізде экологиялық ахуалын жақсарту өз қолымызда. Ауламызды, көшемізді, қаламызды таза ұстау арқылы біз туған елге деген сүйіспеншілігіміз бен жанашырлығымызды көрсетеміз. Қасым-Жомар Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы жайлы «Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет» деді. Сондықтан, жерлестерімді қоршаған ортаны ластамай, қоғамдық мәдениетті сақтап, туған елдің экологиялық жағдайын жақсартуға ат салысуға шақырамын.
Жәйрем кенті әкімінің аппаратының іс-қағаз жүргізушісі
Марат Индира Миратқызы