Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына еліміздің одан əрі əлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Жолдауы жолданды.
Жолдаудың басым бөлігі еліміздің экономикалық əл-ауқатын арттыруға, халқымыздың дамуына арналып отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының əлеуеті орасан зор екенін айта отырып, алдағы уақытта агроөнеркəсіп кешенінің дамыту жолдарын айқындап берді, соның бірі ретінде ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды
қолдау ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге тиімді жұмыс істеуі ауданымыздың шаруа қожалықтарының дамуына тың серпін беруде.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айқындалған бағыттардың барлығы іске асырылып, болашағымыз жарқын болатынына нық сенеміз.
Абзал ЕДІЛБАЕВ,
Ұлытау ауданы ауыл шаруашылығы
бөлімінің сектор меңгерушісі.