Ағымдағы аптаның дүйсенбісі күні «AMANAT» партиясының Қаражал қалалық филиалында «AMANAT» партиясы Фракциясының жиналысы фракция басшысы, қалалық мәслихат депутаты Гауһар Наурызбаеваның төрағалығымен өтті.
Жиынға қала әкімі Айқын Елеусізов, мәслихат төрағасы Зәмзагүл Оспанова, қалалық мәслихаттың депутаттары Марлан Шамбулов, Арынғазы Тәкібаев, Айгүл Мауленина, Жұмакүл Ахметова және бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібі бойынша белгіленген бірінші сұрақ «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Қаражал қаласының жол картасындағы 2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша қала басшысы есеп беріп, жиналғандар тарапынан сұрақтар қойылды.
Келесі кезекте қозғалған «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Ұлытау облысы Қаражал қаласы бойынша Жол картасы учаскелеріндегі құрылыс, қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы жөніндегі істің жай-күйі туралы бірінші Қаражал қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Светлана Милиус, Қаражал қаласының аурухана басшысының міндетін атқарушы Асан Кабулов, Қаражал қаласының білім бөлімінің басшысы Тілеш Аштаев баяндама жасап, Жол картасы бойынша атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен таныстырды.
Жиын соңында қала басшысы жол картасының тармақтарына жауапты орындаушыларына 2023 жылдың соңына дейін барлық жұмыстар толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Сейсенбі күні Ұлытау облысында Ұлытау облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысовтың төрағалығымен «AMANAT» партиясы басшылары және облыстық атқарушы органдарымен кеңейтілген жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа біздің өңірден қала әкімі Айқын Елеусізов, мәслихат төрағасы Зәмзагүл Оспанова, «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мауленина, фракция төрағасы Гауһар Наурызбаева, Қаражал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Бейсенбаев, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Сатанов, Қаражал қалалық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Асан Кабулов қатысты.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Ұлытау облысының жол картасының орындалысы бойынша, «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» партиялық жобаларын іске асыру, аумақтық филиалдардың 10 айдағы атқарған жұмысы бойынша қорытынды есеп тыңдалып, басқа да мәселелер талқыланды.
Облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов «AMANAT» партиясының халыққа арнаған барлық жобасы сапалы түрде 100 пайыз жүзеге асуын жіті қадағалауда ұстау керектігін нықтап айтты.
Шағатай ТЕРЕКТІ.