Жобаны іске қосу жөніндегі баспасөз конференциясы: «Қазақстан жастары арасында лудоманияның (ойынға тәуелділік) алдын алуға бағытталған кешенді шаралар»

Күні: 2025 жылғы 13 маусым

Уақыты: 11:00 (Астана уақытымен)

Форматы: Онлайн (Zoom платформасында)

Ұйымдастырушы:

«Қазақстан Экологиялық Қоры» қоғамдық қоры

Қолдау көрсеткен: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

Қаржыландыру: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараның тақырыбы:

Мемлекеттік грант аясында жүзеге асырылатын, жастар арасында ойынға тәуелділіктің (лудомания) алдын алуға бағытталған әлеуметтік жобаның басталуы. Жоба ақпараттық-ағартушылық, кеңес беру және профилактикалық бағыттарды қамтиды.

Баспасөз конференциясының мақсаты:

• Жобаның мақсаты мен міндеттерімен жұртшылықты таныстыру;

• Жоспарланған іс-шаралар мен кезеңдерді ұсыну;

• Негізгі серіктестер мен сарапшыларды таныстыру;

• БАҚ өкілдері мен мүдделі тараптардың сұрақтарына жауап беру.

Жобаның негізгі құрамдас бөліктері:

• Ақпараттық-ағартушылық материалдарды әзірлеу және тарату;

• Оқу орындарында онлайн және офлайн тренингтер, семинарлар мен дәрістер өткізу;

• Психологиялық көмек желісін және онлайн-кеңес беруді іске қосу;

• Психологтар мен жастар көшбасшыларын тарту.

Баспасөз конференциясының спикерлері:

1. «Қазақстан Экологиялық Қоры» ҚҚ президенті – Абдуәлиева Айгүл Қадесқызы

2. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕАҚ жастар саясаты бөлімінің бастығы – Гусенов Бархудар Шахгусенұлы

3. Психологтар, тәуелділік бойынша мамандар, жастар белсенділері

Тіркелу және қатысу:

Баспасөз конференциясына қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысу сілтемесі тіркелген қатысушыларға іс-шара қарсаңында жіберіледі.

БАҚ аккредитациясы мен сұрақтар бойынша байланыс:

mae_astana@mail.ru

+7 (771) 072-47-90

+7 (708) 931-07-89