«Жігіт сұлтаны» — сайыпқырандар сайысы

Кәсіподақ мүшелері арасында өткен бәсекелі байқауда бес түрлі кезеңнен өтіп, сұл тандыққа таласқан әріптестерінен оза шапқан комбинаттың метрологы Олжас Шубаев «Жігіт сұлтаны» атанды. Ал ІІ орынды Энергия цехының энергетигі Нұрсұлтан Олжабаев еншілесе, ІІІ орынды Қосалқы көліктер цехының көлік жүргізушісі Қайыржан Еламанов иеленді. Жанкүйерлер арасында «Ең белсенді жанкүйерлер» номинациясы Техникалық бақылау бөліміне бұйырды. Барлық қатысушыларға қаржылай сыйлықтар, дипломдар мен кубок табысталды.

Жарыстың бір ерекшелігі жігіттер қара күштен ғана емес, ұлттық салт-дәстүрлерді білу деңгейі мен мақал-мәтел, жаңылтпаш ай тудан да сынға түсті. Бұ рын дары мектеп қабырғасында мақал-мәтел, жаңылт пашты жаттап өскен едік, қазір оқушы балалардың жаңылтпаш жаттап, ма қал-мәтел оқып отырғанын байқай қоймаймыз. Алайда сайысқа қатысушылар тапсырмадан мүдірмеді. Жаңылтпаш айту өте қызықты болып, әбден күліп, көңіліміз көтеріліп қалды.

Өнер көрсету бөлімінде жігіттер күмбірлете күй төгіп, қарасөз оқып, та мылжыта ән салып, тіпт,і Қыз Жібек пен Төлегеннің рө лін сомдап, көрерменге керемет әсер сыйлады. Жәйрем комбинатының тұң ғыш директоры, марқұм Са дық Асатовтың өлеңдері оқылып, көріністер қойылды.

Жәйрем кентінің 50 жыл дығына, «Казцинк» ком паниясының 25 жылдығына арнап жасалынған қол өнер бұйымдары, тіпті, та маша болды. Оның барлығы Мәдени-сауық орталығының мұражайына өткізілді.

Әр цехта, әртүрлі қызметте істейтін жігіттердің бастары осындай шараларда қосыла берсін! Бірлік болсын, бірлік болса, тірлік те болады. Еңбекте табысты, отбасыларында ба қытты болсын, өндірісші азаматтар!

Сайыс соңында комбинаттың тұрақты даму жөніндегі атқарушы директоры Ай дос Серіков жақында ға на Өскемен қаласында «Казцинк» компаниясы бөлімшелері арасында өткен «Жұлдыз бол» өнерпаздар байқауында 2 000 000 теңге ұтып, комбинаттың мәртебесін ғана емес, Жәйрем кентінің атын асқақтатып кел ген Сандугаш Сейілованы құттықтап, Алғыс хат пен гүл шоғын табыстады.

Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,

«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары.