«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Кәсіподақ ұйымының кәсіби мереке – Металлургтер күніне арнап ұйымдастырған кезекті спорттық шараларының бірі арқантартыс дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Осы жолы қызықты ойынға ерлер арасында 11 команда, әйелдер арасында 3 команда қатысты.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде ерлер арасында І орынды Басқарма командасы, ІІ орынды «Батыс» карьері, ІІІ орынды теміржол цехының жігіттері иеленді. Ал әйелдер арасында І орынды аналитикалық зертхана командасы, ІІ орынды теміржол, ІІІ орынды техникалық бақылау бөлімінің қыздары жеңіп алды.
Жеңімпаз команда мен жүлдегер топтарға дипломдар, ақшалай сыйлықтар, кубоктар берілді.
Осы орайда, өндірістегі ауыр жұмыста әбден шыныққан нәзікжандылар ерлерден бір мысқал кем түспегенін айта кеткен жөн.
Әзіл мен күлкі, достық пен ынтымақтастық жарасым тапқан керемет жарыстан шыққан өндірісшілер кешкі салтанатты шараға баруға асығып, үйлеріне көңілді тарқасты.
Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,
«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары.