Жезқазған әуежайында туристік ақпараттық алаң ашу жұмыстары басталды

Қазір онда қалта карталары мен нұсқаулықтар орналастырылған, әуежайдың телеэкрандарында облыс туралы бейнероликтер көрсетілуде. Жақын арада 1 интерактивті цифрлық экрандар мен 2 монитор орнатылады.

Облыс орталығынан Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларына тұрақты әуе қатынасы бар (4 бағыт бойынша аптасына 46 рейс).

2024 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындары көрсеткен қызметтер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсумен 698 млн теңгеден асты. Бөлмелер саны 32 бірлікке өсіп, жалпы 308 нөмір болды). Бір реттік төсек-орын сыйымдылығы 51 бірлікке ұлғайып, 540 орынға жетті. Қонақ үйлердің саны 3 бірлікке өсіп, 28 бірлікті құрады (2023 ж. 25 қонақ үй).

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы туристердің саны 31 мыңнан аса (31 250 адам) адамды құрады, ал оның ішінде шетелдік туристер саны 1044 адам (2023 ж. 1002 адам).

«Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне 11 215 адам келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1 215 келушілерге көп (2023 ж. 10 мың адам).

Облыста 360 тарихи және мәдени ескерткіш бар, оның 12-сі республикалық маңызға ие. 2024 жылы жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын 3 қонақ үй кешені іске қосылды.

Биыл жалпы құны 1,9 млрд теңге болатын тағы 3 қонақ үйді пайдалануға беру жоспарланып жатыр.