Өткен аптада ғана жағымды жаңалықпен оралған дзюдо мектебінің тәрбиеленушілері төбемізді көкке көтерген болатын. Дәл солай осы аптада да жеңіспен оралған бозкілем балуандары тағы бір мәрте қуантты.
18-20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында дзюдо күресінен 2007-2008, 2009-2010, 2011-2013 жылы туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында «Мастер клуб» және «Томирис» СК ашық біріншілігі өткен болатын.
Аталмыш жарысқа Қарағанды облысының ең мықты спорт мектептерінің жасөспірім ұлдары мен қыздары қатысты. Жарыстың бірінші күнінен-ақ 2007-2008 жылы туылған жасөспірім ұлқыздарымыз топты жарып, 3 алтын мен 1 күміс медальді қоржынға салып үлгерді. Атап айтсақ, 46 келі, 52 келі және 60 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Н.Аманжан, Ә.Әбілқайыр, А.Тарелкина алтын медаль иегері атанды. Ал Ж.Хасен 42 келі салмақта күресіп, күміс медаль иеленді. 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасынан да суырылып шыққан 35 келі, 38 келі, 42 келі және 66 келі салмақ дәрежесінде А.Нұрлан,
Н.Шалғынбай, Ж.Хасен және Ә.Арынғазы 1 орынды еншіледі. Ал, 46 келі салмақ дәрежесі бойынша Н.Батырбек 2 орынға табан тіреді. Қола медаль 35 келі, 42 келі, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Р.Ермек, Р.Боранбай, М.Арынғазыға бұйырды. Жарыстың екінші күні 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасынан 29 келі салмақ дәрежесі бойынша Б.Төлеуғазы 2 орын иегері атанды. Ал 35 келі салмақ дәрежесінде С.Білмағанбетов қола медальға қол жеткізді. 2012-2013 жылы туылған қыздар арасынан топ жарған 38 келі салмақ дәрежесі бойынша Д.Сағынгерей алтын медальға ие болды. Ал, 26 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен А.Мақаева мен Ж.Ерғалиева қола медальді місе тұтты.
Жоғарыдағы аты аталған барлық жүлдегерлердің жаттықтырушыларын және жас спортшыларымызды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз. Қазыналы қаламыздың атын шығарар ұл-қыздарымыз көбейе берсін демекпіз.
Мөлдір ХАМИТҚЫЗЫ.