Жеңіс станциясына Алматы пойызы аялдайды

Бірнеше ай бұрын Жезқазған–Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы Жезқазған‑Алматы пойызы Жеңіс станциясына аялдамауы өңір тұрғындарына үлкен қиындық тудырған еді. Қаражал-Жәйрем, Түгіскен, Самай, Ералиев және өзге ауылдардың халқы пойызға отыру үшін 68–70 шақырым қашықтықтағы Қызылжар станциясы — ге баруға мәжбүр болатын. Бұл тек қолайсыздық емес, жолдағы қауіп-қатерді де арттырды.

Осы мәселені көтерген Қаражал қалалық мәслихаты — ның депутаты Гауһар Наурызбаева «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ басшылығына депутаттық сауал жолдап, тұрғындардың өтінішін жеткізді. Нәтижесінде, компания басшылығы пойыз кестесі қысқы мезгілге ауысқанда Жеңіс станциясына тоқтау қарастырылатынын хабарлаған еді. Уәде орындалды.

14 желтоқсаннан бастап Алматы-Жезқазған бағытындағы жолаушылар пойызы Жеңіс станциясына аялдайды. Бүгінде «Kaspi» қосымшасында Жезқазған–Жеңіс–Алматы-2 бағытына билеттер сатылымға шықты. Бұл – сөздің іс жүзінде дәлелденгені.

Енді оңтүстік астанамызға Алматыға жол тартқысы келген Қаражал-Жәйрем өңірінің тұрғындары алыс жол жүрмей, өздеріне жақын Жеңіс станциясынан пойызға отыра алады.

Маршрут және уақыт кестесі:

  • Жезқазған → Алматы-2 — жұп күндері сағат 20:07-де Жеңіс станциясынан шығып, келесі күні 16:58-де Алматы-2-ге жетеді.

  • Алматы-2 → Жезқазған — тақ күндері сағат 15:10-да шығып, Жеңіс станциясына келесі күні 11:27-де тоқтайды.

Билет бағасы: плацкарт – 10 315 теңге, купе – 15 255 теңге.

Айтылды – жасалды! Енді өңір тұрғындары үшін жол жеңіл, сапар қауіпсіз.

Теректі ШАҒАТАЙ