Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ биылғы жылы«Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған байланысты қазыналы өңір аумағында көптеген іс-шаралар мақсатты негізде өткізілуде. Мəселен, жаз маусым басталысымен мектеп жанындағы балаларды сауықтыру лагерлері өз жұмыстарына кірісті.
Оларда көпбалалы жəне əлеуметтік тұрғыдааз қамтамасыз етілген отбасыларың 7-12 жас аралығындағы балалары екі маусым бойы алаңсыз тынығып, денсаулықтарын нығайтады. Алғашқы ауысым 7-22 маусым аралығында болса, келесісі жұмысын шілде айындажалғастырады. Атап айтатын болсақ, №1 мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс лагері «Балдəурен» жəне «Қызғалдақ»атты екі топқа бөлінген.Лагерь жетекшісі Роза Сауғанбаева істің ұтымды ұйымдастырылуын бастан-аяқ қадағалайды.
Қаладағы басқа мектептерде құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты №3,7 мектептердің оқушылары жазғы демалыстарын №1 мектеп жанынан ашылған лагерде өткізуде.
«Звездочка» деп аталатын тағы бір лагерь – Нұржан Мадияровтың жетекшілігінде. Онда 25 бала қамтылған. Келесі 25 бала– «Ақ көгершін» лагерінде. Лагерь жетекшісі – Ақмарал Мұратқызы.
– Мектеп медбикесі оқушылардың денсаулықтарын күнделікті тексеріп, сауықтыру шараларын жүргізіп отырады. Балалар 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.Əр күн жаңа ақпараттар мен танымдық іс-шараларға толы. Тартымды шараларжас буын өкілдерінің ой-өрісін дамытуға бағытталған. Түрлі ойындаройнаған балалар ұмытылмас əсерде болады. Əр сəрсенбідемəдени-сауық орталығында мультфильм көрсетіледі. Лагерь жаңа танысулар мен жаңа достар табуға септігін тигізеді. Ауа-райы қолайлы болғанда балалар саябақта серуендейді. Əн, би, сурет, спорт конкурстары ұйымдастырылып тұрады. Оушылардың емін-еркін ойнауына арналған алаңдар мен бөлмелер жабдықталып, қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.Қысқасы,жағымды демалыс үшін барлық жағдай жасалған. – дейді тəлімгер Ақмарал Мұратқызы.
Таза ауа мен жайдары көңіл-күйден дарыған сергектік балаларға күш-қуат сыйлап,жаңа оқу жылына бар ынта-жігерімен кірісуге септігін тигізері сөзсіз.
Əйгерім АРМИЯ,
ҚарУ-дың II курс студенті.