Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтерілген мемлекеттік секторды реформалау мәселесі – еліміздің экономикалық дамуындағы аса өзекті қадамдардың бірі. Президенттің тапсырмасы негізінде артық құрылымдарды қысқарту, мемлекеттік ұйымдардың қызметін оңтайландыру және Мемлекеттік мүлік туралы заңды жаңарту жоспарланып отыр.
Бұл бастама ең алдымен экономиканың тиімділігін арттыруға, жеке кәсіпкерлікке кең өріс ашуға бағытталған. Мемлекеттің экономикадағы үлесін нақты шектеу арқылы бәсекелестік артып, бизнеске жаңа мүмкіндіктер беріледі. Сондай-ақ корпоративтік басқарудағы жауапкершілік пен ашықтық күшеймек.
Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру – ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға да ықпал етеді. Сондықтан бұл реформаларды уақытылы әрі сапалы іске асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Байшукенова Тлеухор Жанжумановна
Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі