Жаңа Жолдау – жағымды бастамалар жиынтығы

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Əділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау халқымыздың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйткілді мəселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, ана мен бала, отбасы жайлы, балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты қылмыстардың жазасы күшейтілетіндігі жөніндегі мəселелерге тоқталды

Еліміздің болашағы жас ұрпақты қорғау, оларға дұрыс бағыт беру – аға ұрпақтың жауапкершілігінде. Жолдауда айтылғандай, ендігі кезекте балаларға қатысты қылмыстардың жазасы күшейтіліп, қылмыскерлерге кешірім болмайды. Жолдаудың негізі ел экономикасы мен əлеуметтік мəселелерге арналған, əрине əлеуметтік-экономикалық мəселелер əрқашанда негізгі сұрақтардың бірі болып табылатыны сөзсіз, сондықтан да отандастарымыздың əл-ауқаты мен тұрмыстық əлеуетін арттыруға жəне ел экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген ойдамын.

Бұл жолғы Жолдау маңызды да күрделі деп есептеймін, мемлекетіміздегі проблемалы мəселелерді жоғары деңгейде шешу үшін стратегиялық жоспарлар берілді.

Жолдаудың əр сөзі халыққа керекті мəселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, сол себепті «Жаңа Жолдау – жағымды бастамалар жиынтығы» деген ойдамын.

 

Асылхан ƏЛІМСЕЙІТ,

Қарсақбай кентінің əкімі