ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЖАҢА МІНДЕТТЕР!

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық бағыттарды қамтыған бірнеше өзекті мәселелерді шешу қажеттігін баса айтты.

Айта кететін болсам, осы Жолдауға дейін де Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар жұмыстар іске асырылған.  Мысалы, келешек ұрпақты тәрбиелейтін білікті ұстаздардың жалақысы 2020 жылдан бері екі есе өсті. Ақ халатты абзал жандардың  айлығы да айтарлықтай көбейді. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Балалардын шотында бірінші жинақ қоры аударылғанын да білеміз. Осыдан-ақ мемлекет басшысының әр айтылған сөзінің жай ғана ұран сөз емес нақты іс екеніне көзім жетті.

Сонымен қатар, осы жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік деңгейде өзекті болып отырған су тапшылығы елімізді де айналып өтпегенін атады.Жолдауда өндіріс нысандарының қоршаған ортаға зиянды әсері тиіп жатқандығын, өндірісте жарақат алудың азаймай отырғандығын, кейбір фактілердің адам өміріне қауіп-қатерінің барын баса айтты.

Кемел келешегімізде саяси-экономикалық өзгерістерге бағдар беретін Жолдау көңілдерге сенім ұялатты. Жаңа жолдау – алдымызға жаңа міндеттер қойды.

Дәулет СЕЙТПЕКОВ

Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты,

«Ұлытау жастары» ҚБ төрағасы