реформалар ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әлауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өтті. Жаңа бастамалардан халық, өзі күткендей, оң өзгерістер, жаңа лепті сезінді. Елдің жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығы осы реформаларда қамтылды. Экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, ел ішінде ұлттық өндірісті жолға қою, қоғамдық әл-ауқатты арттыру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында әлі де күрмеуі шешілмеген мәселелер баршылық. Сондықтан бұл мәселелер ғылыми қоғамдастық, экономист-ғалымдар тарапынан терең зерделеніп, экономикалық саясатқа ғылыми негізделген тиісті ұсыныстар жасалса, бұл да жаңа «қоғамдық келісімнің» тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Қазақстанның бірлігін ойлаған Президентіміздің ел болашағы үшін алға қойған мақсаттарын орындайтынына сенімдіміз. Халқымыздың тұтастығы мен бірлігін сақтау және еліміздің көркейіп, өркендеуі үшін қоғамның барлық саласында жүргізілетін реформаларға қолдау көрсету басты міндет.
Мерей АСАНОВ,
Бидайық ауылдық округі, белсенді жас