2025 жылды Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау – еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін жаңа деңгейге көтеретін тарихи қадам. Бұл бастама арқылы мемлекет қарапайым еңбектің құнын арттырып, елдің экономикалық қуатының шынайы иелеріне құрмет көрсетуде.
Қазіргі заманда өндіріс пен технология дамыған сайын жұмысшы мамандықтарының да маңызы арта түсуде. Жаңа зауытты іске қосатын инженер де, оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін оператор да – елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген нағыз еңбек майталмандары.
2025 жыл аясында кәсіби біліктілікті арттыру, жастарға жаңа машықтар үйрету, үздік жұмысшылардың тәжірибесін үлгі ету – негізгі бағыттардың бірі. Бұл еңбекке құрмет мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, жас буынның болашаққа деген сенімін нығайтады.
Жаңа дәуірдің қаһармандары – жұмысшы мамандық иелері. Олардың еңбегі – Қазақстанның болашақтағы табысының кепілі.
Иманбекова Акмарал Елибаевна
«AMANAT» партиясының
«Мәдениет» БПҰ төрағасы