Бүгінгі күні әрбір жұмысшы өз ісіне сүйіспеншілікпен беріліп, қиындықтарды жеңіп, табысты нәтижелерге жетуде. Сіздердің еңбектеріңіз қоғамымызға үлгі болып, жастарды шабыттандырады. Еңбек жолындағы табыстарыңыз бен жетістіктеріңізді бағалап, құрметтеу – ұрпаққа мұра етіп қалатын асыл құндылықтарымыздың бірі.
Жұмысшылар жылы бізге бірлігімізді, ынтымағымызды және өзара құрметімізді арттырады. Болашаққа деген сенім мен ұмтылыс арқылы әрбір қиындықты жеңіп, арман-мақсаттарға қол жеткіземіз. Осы мерекелік күндерде Сіздердің еңбектеріңізге алғысымыз шексіз, әрдайым серігіңіз болуға уәде береміз.
Бірге еңбектесіп, жарқын болашаққа қадам басайық!
Сатанов Жанат Рахымжанович — Қаражал қаласы мәслихаты аппаратының басшысы