Қазақстан Республикасында 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастаманың басты мақсаты – кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы рөлін арттыру және жастарды заманауи еңбек нарығына бейімдеу.
Жұмысшы мамандықтары – экономиканың тірегі. Елдің өндірістік, техникалық және сервистік салалары білікті кадрларға зәру. Сондықтан кәсіби білім алған жастарға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.
Сагинтаева Гульнар Сапаровна,
Қаражал қаласының «Мансап орталығы» филалының басшысы