Жұмысшы мамандықтар жылы: өндіріс пен өркендеудің өзегі

Елдің экономикалық дербестігі мен тұрақты дамуы ең алдымен өндіріс саласындағы білікті мамандардың қолында. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – кәсіби-техникалық бағыттағы кадрларды даярлауды жаңғыртуға, еңбек адамының беделін арттыруға және нақты сектордағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге арналған ауқымды қадам.
Бүгінгі күні өндірістік үдерістер жоғары технологиялармен, автоматтандыру жүйелерімен және экологиялық талаптармен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда жұмысшы мамандықтарының өкілдері тек техникалық біліммен шектелмей, инновацияны қабылдай алатын, қауіпсіздік стандарттарын қатаң ұстанатын, үнемі даму үстінде болатын кәсіби тұлғаға айналуы қажет.
Бұл бастама – экономиканың болашақ картасын айқындайтын инвестиция. Өйткені мықты өндіріс пен өркендеудің өзегі – заманауи білімі бар, өз ісіне адал, кәсіби жауапкершілігі жоғары еңбек адамдары.

Құрмансейітов Жалғасқан Ахатұлы
«Қазыналы өңір» Өңірлік газеті ЖШС директоры