Қазіргі экономикалық жағдайда еңбек ресурстарының сапасын арттыру – мемлекет үшін стратегиялық міндеттердің бірі. Өндіріс пен инфрақұрылымдық жобалардың кеңеюі, жаңа технологиялардың жедел енгізілуі кәсіби дайындық деңгейі жоғары жұмысшыларды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Жұмысшы мамандықтар жылы – елдің кадрлық әлеуетін жаңғыртуға бағытталған жүйелі қадам.
Бағдарлама шеңберінде техникалық білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы байланыс нығайтылып, кәсіптік оқыту әдістері халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі. Жұмысшы мамандықтарын меңгерген азаматтарға біліктілігін тұрақты түрде жетілдіруге, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін орталықтар құру да жоспарланған.
Мұндай бастама кәсіби еңбектің қоғамдағы беделін арттырып қана қоймай, жастардың нақты секторға деген ынтасын күшейтеді. Нәтижесінде, экономиканың барлық салаларында бәсекеге қабілетті, жоғары дайындықтағы кадрлар қалыптасып, елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қаланады. Сатанов Жанат Рахымжанович
Қаражал қаласы Мәслихаты аппаратының басшысы