Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбектің ерен бағасы!

Мемлекет басшысының Жолдауында 2024 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарына деген үлкен құрмет пен қолдау.

Құрылысшылар, механиктер, дәнекерлеушілер, энергетиктер, ауыл шаруашылығы мамандары – барлығы да экономикамыздың іргесін қалаушы, елдің өркендеуіне тікелей әсер етуші жандар. Олардың еңбегі – елдің болашағы, тұрақтылығы мен әл-ауқатының кепілі.

Осы жыл аясында жұмысшы мамандықтарын қолдау, еңбек адамының мәртебесін арттыру, кәсіби білім мен біліктілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл – жастарды еңбекке баулуға, олардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік.

Барша еңбек адамдарына алғысымыз шексіз! Сіздің адал еңбегіңіз – ел дамуының басты күші!