«Жұмысшы мамандықтар жылы» – еңбектің абыройын көтеретін жыл

Қоғамның дамуы ең алдымен адал еңбекке, кәсіби мамандардың табандылығына байланысты. 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп аталуы – осы қарапайым еңбектің қадірін ұлықтап, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін айшықтайтын ерекше бастама.

Елімізде кенші, құрылысшы, жүргізуші, механизатор, дәнекерлеуші, тігінші сынды ондаған жұмысшы салалары бар. Олардың әрқайсысы халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Зауыттағы өнім, жолдағы қауіпсіздік, тұрмыстағы қолайлылық – барлығы еңбек адамдарының маңдай терімен келетін игілік.

Бүгінгі күні мемлекет кәсіби-техникалық білім беруді дамытуға, жастарды нақты еңбекке бейімдеуге басымдық беріп отыр. Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, болашақ ұрпаққа тұрақты кәсіби бағдар берудің маңызды қадамы.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» – тек атаулы шара емес, ол еліміздегі әрбір еңбек адамына деген құрметтің көрінісі. Осы жылда атқарылатын іс-шаралар арқылы еңбек адамының беделі биіктеп, жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.

 

Сатанов Жанат Рахымжанович

Қаражал қаласы мәслихаты аппаратының басшысы